Общество

Астанада Республика күніне орай ағаш отырғызу шарасы өтті

Астанадағы «Ырыскелді қажы» мешітінің аумағында бүгін Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері жыл сайынғы ағаш отырғызу шарасын өткізді. Биылғы шара қарағай көшеттерін отырғызуға арналды.

Бұл бастама Республика күніне орайластырылып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. Оған Халық Кеңесі мүшелері, министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Ағаш отырғызу шарасы елорда аумағын көгалдандыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа ұқыпты қараудың маңызын арттыруға бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай қоғамдық акциялар Астананы абаттандыруға және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға барша тұрғынды тартуға ықпал етеді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button