Общество
Ерлан Сәрсембаев әділет органдары қызметкерлерін Республика күнімен құттықтады
25 қазан – Республика күніне орай өткен салтанатты жиында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев әділет органдарының қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ол заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін ерекше атап өтті.
Мереке қарсаңында кәсіби міндеттерін жоғары деңгейде атқарған және қызметте үздік нәтижелерге қол жеткізген бірнеше қызметкер мерекелік медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Дереккөз: gov.kz



