Экономика

АШМ қызметкерлері Government Chess Cup 2026 турнирінде жүлделі орын иеленді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер арасында өткен республикалық Government Chess Cup 2026 шахмат турнирінде жоғары нәтижеге қол жеткізді. Оған еліміздің әр өңірінен іріктеуден өткен 20 команда, барлығы 80 адам қатысты.

Астана құрамасы командалық есепте жеңімпаз атанды

Командалық есепте Астана қаласының мемлекеттік қызметшілер құрамасы бірінші орынды иеленді. Бұл құрамда министрліктің Персоналды дамыту департаменті басқармасының басшысы Арман Абданбеков те бар. Ол жекелей сайыста да жақсы нәтиже көрсетіп, бірінші тақтада тоғыз партиядан сегіз жарым ұпай жинап, алтын медальға қол жеткізді.

Гүлжан Қайбогорова әйелдер арасында үздік болды

ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облысы Астрахан аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы, бас маман Гүлжан Қайбогорова да жоғары нәтиже көрсетті. Ол Ақмола облысының құрамасы сапында әйелдер тақтасында тоғыз партияның бәрінде жеңіске жетіп, толық тоғыз ұпай жинады. Осылайша, жекелей сайыста бірінші орынды иеленді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button