Экономика

Мұнай бергіштікті арттыру және отандық құндылықты дамыту мәселелері талқыланды

Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынды Жақып Хайрушев жүргізді, жиынға энергетика вице-министрі Ерлан Акбаров қатысты.

Мұнай бергіштікті ұлғайту және жаңа технологиялар

Кеңес барысында мұнай-газ саласын дамытудағы өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар кен орындарының сарқылу кезеңінде мұнай бергіштікті арттыру жолдарын және заманауи технологияларды енгізудің нәтижелерін талқылады. Сонымен қатар, тұтқырлығы жоғары, ауыр және битумды мұнайды барлау мен игеру мәселелері де назарға алынды.

Елішілік құндылық пен отандық өндірушілердің үлесі

Жиында НКОК, ТШО, ҚПО компанияларының өкілдері ел ішінде құндылықты дамыту мен отандық өндірушілерді мұнай-газ саласындағы жобаларға тарту жайында баяндама жасады. Бұл мәселелер саланы дамытып, көмірсутек ресурстарын тиімді игеруге және қазақстандық өндірушілердің жобаларға қатысу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button