Политика

Өзбекстан Президенті Самарқанда Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

2026 жылғы 19 қазанда Самарқанд қаласында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болды. Бұл кездесу Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер министрлерінің «С5+1» форматындағы жиыны аясында өтті.

Қазақ-өзбек ынтымақтастығы талқыланды

Шавкат Мирзиёев екі ел арасындағы қарым-қатынастың соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Ол Қазақстанмен стратегиялық әріптестікті әрі қарай нығайтудың және көпсалалы байланыстарды дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Мұхтар Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, жоғары деңгейлі келісімдердің жүзеге асу барысы туралы баяндады. Министр қазақ-өзбек байланыстары халықаралық деңгейде сенімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың үлгісі екенін айтты.

Өңірлік және халықаралық мәселелер сөз болды

Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Сондай-ақ, көпжақты құрылымдар аясында өзара іс-қимылды күшейтудің маңызына назар аударды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button