Франкфурт кітап жәрмеңкесінде Қазақстан стендінде 300-ге жуық кітап көрсетілді
Германияның Майндағы Франкфурт қаласында 7-11 қазан аралығында Frankfurter Buchmesse 2026 78-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның ұлттық стенді жәрмеңкеде үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылды.
Франкфурт кітап жәрмеңкесінде биыл қазақстандық делегацияның құрамында 30-дан астам өкіл жұмыс істеп жатыр.
Ұлттық стендке қандай баспалар қатысты
Қазақстан стендінде отандық баспалардың 300-ге жуық кітабы қойылды. Көрмеге мына баспалар қатысты:
- «Атамұра»;
- «Мектеп»;
- «Алматыкітап»;
- «Arman-PV»;
- «Сардар»;
- «Мазмұндама»;
- «Отбасы хрестоматиясы»;
- «Steppe & World Publishing»;
- «AmalBooks»;
- «Umai Books»;
- «WiK»;
- «Safitales» және басқалар.
Жәрмеңкеде қандай кітаптар таныстырылды
Жазушы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» кітабының таныстырылымы өтті. Шығарма қазақ және ағылшын тілдерінде арнайы форматта қайта басылып шықты. Таныстырылымнан кейін жазушы оқырмандардың кітаптарына қолтаңба қалдырды.
Сонымен қатар баспалар жаңа басылымдарын ұсынды:
- «Arman-PV» баспасы — Жанат Аймұхамбеттің «BÖRTE. Ұлы дала патшайымы» кітабы;
- «Алматыкітап» баспасы — «Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан» және «Димаш Құдайберген: Шексіз музыка» кітаптары;
- Оразалы Сәбденнің «Әлем, Абай, жасанды интеллект» кітабы;
- «Гарольд және ЛараБелль. Кітаптар патшалығы» және «Күміс кітап 10 жыл» басылымдары.
Шетелдік баспагерлермен кәсіби кездесулер
Жәрмеңке барысында Канада, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Дания, Германия, Ұлыбритания және өзге де елдердің баспа өкілдерімен кәсіби кездесулер өтіп жатыр. Халықаралық іс-шара қазақстандық делегацияға шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасуға және кітap шығару ісіндегі жаңа үрдістермен танысуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ тараптар алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жобаларды талқылап жатыр.
Дереккөз: gov.kz



