Ақтөбеде азаматтық қоғамды дамыту мен ҮЕҰ-ға грант беру мәселелері талқыланды
Ақтөбеде «Азаматтық әріптестік: жаңа форматтар – ортақ шешімдер» атты конференция өтті. Басқосуға қатысушылар азаматтық қоғамды дамыту, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау және әлеуметтік жобалардың тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.
Мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдері әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын гранттық қаржыландыру тетіктерін одан әрі жетілдіру туралы пікір алмасты.
Конференцияда азаматтық секторды қолдау инфрақұрылымын дамыту, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту және өңірлер арасында озық тәжірибе алмасу мәселелері де қаралды. Қоғамдық бастамаларға сараптамалық қолдау көрсетуге және бірлескен жобаларды дамытуға ерекше назар аударылды.
Өңірлерде үкіметтік емес ұйымдарға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы арқылы мемлекеттік грант беру тәжірибесі кеңейіп келеді. Мәселен, Ақтөбе облысында 2027 жылы мұндай гранттардың санын екі есе арттыру жоспарланған.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дереккөз: gov.kz



