Общество

Астанада 3 келіден астам мефедрон тәркіленді: екі жас күдікті ұсталды

Астанада елордаға есірткінің ірі партиясын әкелуге әрекеттенген екі адам ұсталды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде есірткі таратты деген күдікпен 20 жастағы жігіт пен 18 жастағы қыз анықталды.

Елордаға кіреберістегі бекеттердің бірінде полиция қызметкерлері күдіктілер отырған KIA көлігін тоқтатты. Салонды тексергенде ішінде екі вакуумдалған пакет бар қорап табылды. Пакеттерде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат болған. Сараптама оның мефедрон екенін анықтады, салмағы — 2 келі.

Күдіктілер тұратын пәтерді тінтқенде тағы 1 келіге жуық мефедрон, сондай-ақ оны өлшеп, орауға арналған заттар табылды. Тәркіленген заттай дәлелдемелердің жалпы салмағы 3 келіден асады.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Полиция есірткіні жеткізу және тарату арналарын анықтап, жабу бойынша жұмысын жалғастыруда.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button