Культура

Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы Алматыда өтті

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті. Жиын Құрбанғали Халидұлының қолжазба мұрасын сақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу мәселелеріне арналды.

Отырысқа шығыстанушылар, түркітанушылар, тарихшылар, филологтар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. Олар қолжазбаларды зерттеу, транскрипциялау, аудару және еңбектерді ғылыми басылымға дайындау мәселелерін талқылады.

Жиында «Тауарих-и хамса-и шарқи» («Шығыстың бес елінің тарихы») бес томдық еңбегінің III-V томдары таныстырылды. Сонымен қатар «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» ғылыми жинағы мен шығарманың жинақталған нұсқасы ұсынылды. Отырыс соңында мамандар ұлттық жазба мұраны зерттеу мен сақтауға қатысты алдағы жұмыс бағыттарын талқылады.

Ақпаратты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратты.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button