Общество

Қарағанды облысы ТЖД бастығы болып Манарбек Шапағатов тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Министрдің бұйрығымен Манарбек Қайыргелдіұлы Шапағатов Қарағанды облысы ТЖД бастығы болып тағайындалды.

Манарбек Шапағатов азаматтық қорғау органдарында 1992 жылдан бері қызмет етеді. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы өрт-техникалық училищесін бітірген. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтында білім алған.

Қызмет барысында мемлекеттік өрт бақылау және қадағалау, өртке қарсы қызмет салаларында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Ол Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар басқармасын басқарған, Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болған. 2022 жылғы шілдеден 2026 жылғы қазанға дейін Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button