Главные новости
Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде мың тоннадан астам өнім сатылды
Елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің дәстүрлі маусымы жалғасып жатыр. Маусым 19 қыркүйекте басталды, осы уақытқа дейін жәрмеңкелерде мың тоннадан астам өнім сатылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Жәрмеңкелерге еліміздің өңірлерінен келген шаруалар қатысып жатыр. Маусым басталғалы Атырау, Қызылорда, Абай, Маңғыстау, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының өкілдері өнімдерін ұсынды.
Осы уақыт ішінде жәрмеңкелерге шамамен 150 мың адам келді. Сатылған өнімнің арасында ет, сүт өнімдері және өзге де азық-түлік тауарлары бар.
Дереккөз: gov.kz



