Общество
БҚО-да тазалық талаптарын бұзудың 7 047 фактісі анықталып, кінәлілер жауапқа тартылды
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық пен абаттандыру талаптарын бұзудың 7 047 фактісі анықталды. Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тіркелген құқық бұзушылықтар мынадай:
- қоқысты белгіленбеген жерге тастау – 1 036 факті;
- қоғамдық орындарды ластау – 370 факті;
- абаттандыру талаптарын бұзу – 5 641 факті.
Орал қаласындағы 50 контейнерлік алаң бейнебақылау камераларымен жабдықталып, «Target EYE» жүйесіне қосылды. Жыл басынан бері камералар арқылы 41 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, кінәлілер жауапқа тартылды.
Бірлескен рейдтер кезінде Оралда 30 стихиялық қоқыс орны табылды. Қазір олардың барлығы тазартылған.
Дереккөз: gov.kz



