«Селденқорғау Құрылыс» РМК қалпына келтіру жұмыстарын ТЖ министрі көріп шықты
Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов ҚР ТЖМ «Селденқорғау Құрылыс» ШЖҚ РМК базасында болып, кәсіпорынды қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Биыл «Селденқорғау Құрылыс» РМК құрылғанына 25 жыл толады.
Соңғы он айда РМК-да қандай жұмыстар жүргізілді
Соңғы он ай ішінде кәсіпорында өндірістік базаны қалпына келтіру және толыққанды қызметті қайта бастау бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Министр өндірістік база мен техниканы аралап көріп, кәсіпорын ұжымымен кездесті.
Кәсіпорында қанша адам жұмыс істейді және қандай техника бар
Қазір «Селденқорғау Құрылыста» 40 адам еңбек етеді. Арнайы техника паркі жаңа инженерлік техникамен толықтырылып, оның жалпы саны 50-ге жуықтады. Паркте мыналар бар:
- экскаваторлар;
- бульдозерлер;
- тиегіштер;
- автогрейдерлер;
- басқа да арнайы техника.
«Селденқорғау Құрылыс» РМК-ның негізгі міндеті неде
Кәсіпорын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында инженерлік жұмыстар жүргізеді. Мамандар мен техниканы бүкіл ел бойынша суару жүйелерінде, өзендерде, көлдерде және өзге де су нысандарында пайдалану жоспарланып отыр.
Кәсіпорынды дамытудың келесі жоспарлары қандай
Министрге РМК-ны одан әрі дамыту жоспарлары таныстырылды. Өндірістік базаны нығайту, техниканы орналастыру мен оған қызмет көрсету, сондай-ақ жабдықтар мен материалдарды сақтау үшін қажетті жағдай жасау көзделіп отыр.
РМК-ның толыққанды жұмысқа қайта кіріскені ТЖМ-нің инженерлік мүмкіндіктерін арттырады. Сонымен қатар ықтимал қауіпті учаскелерде қажетті жұмыстарды өз күшімен орындауға жол ашады.
Дереккөз: gov.kz



