«Бір ұстаз – бір оқиға» бейнечелленджі Астанада мұғалімдер күні қарсаңында басталды
Астанада Мұғалімдер күні қарсаңында «Бір ұстаз – бір оқиға» қалалық бейнечелленджі басталды. Оны Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы бастаған. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Челлендж аясында мұғалімдер көп жыл бойы жадында сақталған ерекше оқиғаларын айтып береді. Сұхбат алушы мен бейнеоператордың рөлін мектеп парламенттерінің мүшелері және «Ақпарат – медиа» фракциясының өкілдері атқарады. Оқушылар өз ұстаздарын мектеп өмірінен алынған шынайы, әсерлі әрі көңілді оқиғалар арқылы жаңа қырынан таныстыруға мүмкіндік алды.
Әр мұғалімнің артында көп жылғы еңбегімен қатар ұмытылмас сәттер, шәкірттерінің тағдыры және жүрекке жақын естеліктер тұр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл челлендж – ұстаздарға алғыс білдірудің тағы бір мүмкіндігі.
Дереккөз: gov.kz



