Общество
Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі: 50 жұмыс беруші, 1 000-нан астам вакансия
Астанада 27 тамызда «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара сағат 14:00-16:00 аралығында Республика, 34 мекенжайында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеде 50 жұмыс беруші жастарға 1 000-нан астам өзекті вакансия ұсынады. Қатысушылар бос орындармен танысып, еңбек шарттары мен жұмыс берушілердің талаптары туралы толық ақпарат ала алады.
Сонымен қатар жәрмеңке барысында үміткерлер тікелей сұхбаттан өте алады.
Дереккөз: gov.kz



