Общество

Қошқарбаев даңғылында автобус жолағы енгізіледі — 20 тамыздан бастап

Астанада 20 тамыздан бастап Р. Қошқарбаев даңғылында Тәуелсіздік даңғылынан М. Төлеубаев көшесіне дейін автобус жолағы енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Арнайы бөлінген жолақ қоғамдық көліктің кедергісіз жүруіне мүмкіндік бере отырып, оның қызмет тиімділігін арттыруға, жол жүріс уақытын қысқартуға және жолаушыларға ыңғайлы қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған.

Әкімдік жүргізушілерден аталмыш учаскедегі жол қозғалысы тәртібінің өзгеретінін ескеріп, жол белгілері мен таңбаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button