Общество
Елордалық шахматшы әлемдік додада қола жүлдені қанжығасына байлады
Болгарияның София қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында өткен 4-ші IBSA World Individual Chess Championship әлем чемпионатында елордалық шахматшы Нұрғиса Қуанышұлы қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Дүбірлі додаға 8 мемлекеттен шамамен 30 спортшы қатысты. Жарыста әлемнің үздіктері өзара бақ сынап, тартысты партиялар өтті.
Астана өкілі Нұрғиса Қуанышұлы белсенді ойнап, сыннан сүрінбей өтіп, қола медальді иеленді. Жарыстың нақты нәтижелері мен қорытындысы ресми сайт арқылы жарияланды.
Дереккөз: gov.kz



