Политика

Қазақстан Республикасының елшісі Ли Чжэ Мёнге сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Асет Исенали Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёнге сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсімде Елші Асет Исенали Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Тараптар қазақ-қорей қатынастарының кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейінің жоғары екенін атап өтті. Олар саяси диалогты әрі қарай нығайтуға, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытуға мүдделі екендерін білдірді.

Президент Ли Чжэ Мён Елшіні дипломатиялық миссиясының ресми басталуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі. Ол екі ел арасындағы достық қатынастарды әрі кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Дереккөз: gov.kz

Другие новости

Back to top button