Общество
Астана – Қарағанды автожолын жөндеу шілденің соңына дейін ұзарды
Астана – Қарағанды автожолында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде және олар осы жылдың шілде айының соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жөндеу учаскесінде қозғалыс шектеулері сақталады.
Кептелістерді болдырмау үшін жүргізушілерге балама бағыттарды қолдану ұсынылады:
- көлік айрығынан оңға қарай айналып Ақжол көшесіне немесе Алаш тас жолына шығу;
- көлік айрығынан солға қарай айналып Шерхан Мұртаза көшесіне өту.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.
Дереккөз: gov.kz



