Общество

Ботаникалық бақта тәртіп бұзған шетелдік 15 тәулікке қамалды

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Ботаникалық бақ аумағында 38 жастағы шетел азаматы көпшілік алдында көгалдың үстінде дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Оқиға орнына шақырылған полиция қызметкерлері заңсыз әрекетті дереу тоқтатып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал ресімдеді. Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы үкім шығарды.

Полиция қоғамдық орындардың азаматтардың мәдени демалысына арналғанын және тәртіп бұзушылықтың әрбір жағдайы заң аясында тиісті жазасын алатынын ескертті. «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету ішкі істер органдарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Другие новости

Back to top button