Общество

Аялдама дауы аяқталды: астаналық жолаушы 20 тәулікке қамауға алынды

Астана қаласында автобус өзі түсуге тиісті аялдамада тоқтамай өтіп кеткеннен кейін жүргізушімен дауласқан жолаушы жүргізуші кабинасы мен салонды бөліп тұрған шыны перденi жұдырығымен ұрып сындырған. Оқиға қалалық автобустардың бірінде орын алып, полицияға тиісті хабарлама түскен.

Тексеру нәтижесінде жанжал шығарған адамның 44 жастағы ер адам екені анықталды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындап, сондай-ақ автобусқа келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Полиция кез келген даулы жағдай тек заң шеңберінде шешілуі керектігін еске салады. Агрессивті мінез-құлық, мүлікті бүлдіру және қоғамдық тәртіпті бұзу заңнамада белгіленген жазаға әкеледі. Елордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында вандализм мен тәртіп бұзушылықтың барлық фактісіне қатаң ден қойылып отыр.

Другие новости

Back to top button