Общество

Астанада есірткіге қарсы «Ашық микрофон» акциясы өтті

Астананың Есіл өзені жағалауында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде «Ашық микрофон» форматындағы азаматтық акция өтті. Іс-шараны Астана қаласының Полиция департаменті мен елорда әкімдігі бірлесе ұйымдастырды. Акцияның басты мақсаты — есірткі қылмысының алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.

«Ашық микрофон» форматы кез келген тұрғынға құқық қорғау органдары қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері және қоғам белсенділерімен тікелей сөйлесуге мүмкіндік берді. Кездесу барысында жастардың есірткінің заңсыз айналымына тартылуының алдын алу, тәуелділіктің профилактикасы, сондай-ақ өскелең ұрпақта есірткіге қарсы тұрақты көзқарас қалыптастыру мәселелері талқыланды. Еріктілер мен жауапты мекеме қызметкерлері тұрғындарға пайдалы байланыс нөмірлері мен құқықтық түсіндірмелер қамтылған ақпараттық жадынамалар таратты.

Іс-шараның ерекше назар аударған бөлімі — Полиция департаментінің кинологиялық қызметі мамандарының демонстрациясы болды. Қызметтік иттер көрермендер алдында заттардың арасына жасырылған тыйым салынған заттардың макеттерін тауып, шартты құқық бұзушыны ұстау сияқты патрульдік-постық қызмет элементтерін нақты көрсетті. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулердің мақсаты тек мәселе көтеру емес, қоғамдағы жауапкершілікті нығайту, бірлік рухын қалыптастыру және жастарды заңға бағынуға ынталандыру екенін атап өтті.

Другие новости

Back to top button