Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық әріптестікті нығайтуға дайын екенін растады
Астанада Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ұлыбританияның Сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Лорд Анас Сарвармен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтудың маңызын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму болашағын талқылады.
Серік Жұманғарин Қазақстан Ұлыбританияны маңызды әрі сенімді стратегиялық әріптес деп санайтынын айтты. Оның сөзінше, британ делегациясының сапары екіжақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беріп, қол жеткізілген келісімдерді іс жүзінде жүзеге асыруға жол ашады.
Лорд Анас Сарвар әріптестіктің өзара тиімді екенін атап өтіп, британ тарапы Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екенін жеткізді. Кездесу барысында тараптар ашық әрі сындарлы диалогты жалғастыруға және ынтымақтастықтың басым бағытын іске асыруда бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін растады.
Дереккөз: gov.kz



