Қоғам

Алматы облысында бейнекамераға әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізушіге хаттама толтырылды

Алматы облысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларын мониторингтеу кезінде Алматы – Шелек – Қорғас автожолының 140-шақырымында бұзақылық әрекет жасаған жүргізушіні анықтады. Бейнежазбаға қарағанда, Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі камераға жақындағанда оған әдейі әдепсіз қимыл көрсеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер көліктің қайда тұрғанын анықтап, жүргізушіні тоқтатты. Оның жеке басы белгілі болып, тиісті шаралар қабылданды. Тексеру кезінде жүргізушінің бейнебақылау камерасына жақындағанда мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін қасақана жасырғаны да анықталды.

Осы фактілер бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдап, құқық бұзушыны жауапқа тарту үшін заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жолданды.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button