«Магистралды су құбыры» ЖШС лимитті бұзғаны үшін 334,1 млн теңге айыппұл төледі
Атырау облысының Экология департаменті «Магистралды су құбыры» ЖШС-не 334,1 миллион теңге әкімшілік айыппұл салды. Компания ластанған топырақ қалдықтарын жинауға белгіленген лимиттерді бұзған. Айыппұл толық өндіріліп, мемлекеттік бюджетке аударылды.
Департамент анықталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік іс қозғап, хаттама жасады. Компания бұл шешімге сотта шағымданды.
Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты шағымды қанағаттандырмады. Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы да компанияның шағымын қараусыз қалдырмай, талабын қанағаттандырудан бас тартты. Сот шешімдерімен «Магистралды су құбыры» ЖШС-нің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны расталды.
Дереккөз: gov.kz



