Changan шеберханасы Сәтбаев университетінде ашылды: автомобиль инженерлері даярланады
Сәтбаев университетінде «Changan шеберханасы» ашылды. Студенттер автомобиль өнеркәсібінің заманауи технологияларын осы жаңа зертханада меңгереді. Оқу-тәжірибелік зертхана М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебінде Changan Automobile Group және Шыңжаң политехникалық коммуникациялар университетінің қолдауымен құрылды.
Зертхана қандай жабдықпен жарақтандырылған
Шеберхана заманауи оқу-өндірістік және диагностикалық жабдықтармен, сондай-ақ қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған.
Университет ректоры Мейрам Бегентаевтың айтуынша, зертхананың басты артықшылығы — студенттер нақты технологиялармен жұмыс істейді. Олар қазіргі заманғы автомобильдерді өндіруде қолданылатын алдыңғы қатарлы жабдықтарды пайдалана алады.
Студенттер шеберханада нені үйренеді
«Changan шеберханасында» студенттер мына бағыттар бойынша білім алады:
- электр жетектері;
- тартқыш аккумуляторлық батареялар мен басқару жүйелері;
- борттық электроника;
- электрлік кондиционерлеу жүйелері;
- руль күшейткішінің электрондық басқару жүйесі;
- гибридті автомобильдерді диагностикалау.
Бұдан бөлек, студенттер басқа да бағыттарды меңгереді.
Үшжақты келісім нені қамтиды
Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында жүзеге асып жатыр. Үшжақты келісім бойынша тараптар мынадай міндеттерді көздейді:
- Қазақстанның автомобиль өнеркәсібіне қажетті инженер кадрларды бірлесіп даярлау;
- арнайы жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану;
- өзара тәжірибе алмасу;
- мамандар даярлау барысында бір-біріне техникалық қолдау көрсету.
Дереккөз: gov.kz



