Ekin-Patrol жүйесі Павлодар облысында жыл басынан 17 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады
Павлодар облысында полиция жол қозғалысына бақылауды күшейтіп жатыр. Ол үшін құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін Ekin-Patrol жүйесімен жабдықталған патрульдік көліктер пайдаланылады. Жыл басынан бері олардың көмегімен 17 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Ekin-Patrol жүйесі қалай жұмыс істейді
Автоматтандырылған жүйе полиция қызметкерінің тікелей қатысуынсыз жұмыс істейді. Ол жол қозғалысы ережелерінің түрлі бұзушылықтарын тіркейді және көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлік белгілерін автоматты түрде таниды.
Нөмірі танылған көліктер тиісті дерекқорлар арқылы тексеріледі. Бұл кезде көлік иесінің берешегі бар-жоғы, көлікке қойылған тыйымдар және оның іздеуде болуы анықталады.
Жыл басынан бері қанша бұзушылық анықталды
Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында Ekin-Patrol орнатылған патрульдік көліктердің көмегімен 17 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілген.
Полиция жүргізушілерге не деп отыр
Ведомство бұл шаралардың басты мақсаты — жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Полиция жүргізушілерді жолда мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Дереккөз: gov.kz



