Экономика

Қазақстанда жаңартылатын энергия үлесі 8,5%-ға жетті, өндіріс 20%-ға өсті

2026 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) 7,8 млрд кВт·сағат электр энергиясын өндірді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп. Жаңартылатын энергия үлесі елдегі жалпы өндірістің 8,5%-ына жетті.

Өндірілген электр энергиясының басым бөлігін жел электр станциялары берді. Қалған көлем күн және шағын су электр станцияларының үлесінде:

  • жел электр станциялары – 4,9 млрд кВт·сағат;
  • күн электр станциялары – 1,9 млрд кВт·сағат;
  • шағын су электр станциялары – 993 млн кВт·сағат.

Бірінші жартыжылдықта ЖЭК үлесі 8,08% болған еді. Ал елдегі ЖЭК объектілерінің жалпы белгіленген қуаты 3,7 ГВт-қа жетті. Оның құрылымы мынадай:

  • жел электр станциялары – 2 ГВт;
  • күн электр станциялары – 1,3 ГВт;
  • шағын су электр станциялары – 313 МВт.

Жаңартылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясының көлемі өсуін жалғастыруда. Бұл олардың еліміздің энергетикалық теңгеріміндегі үлесін арттырып, таза энергетиканың одан әрі дамуына ықпал етеді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button