Төтенше жағдайлар вице-министрі Әбдішев өз еркімен лауазымынан босатылды
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен атқарып отырған лауазымынан босатылды.
Батырбек Қадырбекұлы 1977 жылы 19 маусымда Ақтөбе облысында туған. 1999 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғары шекаралық командалық училищесін тәмамдаған. Ол «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.
1995-2024 жылдары Әбдішев Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. 2024 жылғы сәуірде Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.
Төтенше жағдайлар жүйесінде жұмыс істеген кезеңде ол азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға үлес қосты. Атап айтқанда, ТЖМ мемлекеттік қызметтерін цифрландыруды жетілдіру, министрліктің IT жүйелері мен платформаларын «Smart Data Ukimet» аналитикалық платформасымен біріктіру бағытында жұмыс жүргізді. Сондай-ақ ТЖМ-нің, оның комитеттері мен бағынышты ұйымдарының қызметін қайта жобалау және цифрландыру ісіне елеулі үлес қосты.
Дереккөз: gov.kz



