Қоғам

Ақсу-2 станциясының вокзалы Павлодар облысында қайта жаңғыртылды

Павлодар облысында Ақсу-2 станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Ғимарат 1981 жылы салынған. Жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан елдегі темір жол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.

Жұмыс барысында вокзал ғимаратының шатыры мен қасбеті толық ауыстырылды, ішкі бөлмелеріне әрлеу жұмыстары жасалды. Сумен жабдықтау, кәріз және жылыту жүйелері жаңартылды. Электр және төмен вольтты желілер де жаңғыртылды. Вокзал маңындағы аумақ абаттандырылып, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасалды.

Ақсу-2 станциясының вокзалы II типті вокзалдарға жатады. Станция арқылы сегіз жолаушылар пойызы өтеді. Олар Ақсу қаласын Алматымен, Астанамен, Павлодармен, Семеймен, Өскеменмен және Маңғыстаумен байланыстырады.

Қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button