Басты жаңалықтар

Астанада Ұстаздар күніне орай мектеп мұғалімдері арасында волейбол турнирі өтті

Астанадағы Abyroy спорт кешенінде Ұстаздар күні қарсаңында мектеп мұғалімдері арасында волейбол турнирі өтті. Жарысқа елорданың 6 ауданынан іріктеуден өткен ұстаздар қатысты. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Финалдық кезеңге мына білім беру ұйымдарының командалары жолдама алды:

  • №27 мектеп-лицейі;
  • №45 және №49 орта мектептері;
  • №63 мектеп-лицейі;
  • №68 мектеп-гимназиясы;
  • №84 мектеп-лицейі;
  • №86 мектеп-гимназиясы;
  • №99 және №105 орта мектептері;
  • Сарайшық ауданындағы BINOM мектебі;
  • №114 және №115 жалпы білім беретін мектептер.

Турнирдің ұйымдастырушысы, ұлттық дәрежедегі төреші Дәулет Хамзин жарыс 5 жыл бойы тұрақты өтіп келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, алғашқы кезеңде әр аудан ішінде іріктеу өтеді, одан кейін финалға екі команда шығады. Биыл іріктеуге қаладағы шамамен 50 мектеп қатысты. Хамзиннің пікірінше, бірнеше жыл бұрынғымен салыстырғанда ұстаздар арасында волейболдың танымалдығы айқын артқан.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button