Қоғам
Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Отарғалымұлы Еркін Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Ол азаматтық қорғау органдарында 2002 жылдан бастап қызмет етеді. Осы уақыт ішінде мемлекеттік өрт бақылауы, ақпараттық-талдау жұмысы және төтенше жағдайлардың алдын алу салаларында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
Әр жылдары Шығыс Қазақстан облысының, Астана және Шымкент қалаларының төтенше жағдайлар департаменттерінде қызмет атқарды. 2025 жылғы қаңтардан 2026 жылғы қазанға дейін Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.
Дереккөз: gov.kz



