Қоғам
Қошқарбаев даңғылында Момышұлы мен Жұмабаев қиылыстары уақытша жабылады
Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше қиылыс уақытша жабылады. 1 қазан сағат 23:00-ден 2 қазан сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев және Б. Момышұлы даңғылдарының қиылысы, ал 2 қазан сағат 23:00-ден 3 қазан сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев және М. Жұмабаев даңғылдарының қиылысы жабылады.
Аталмыш кезеңде осы учаскелерде көлік қозғалысы толық тоқтайды, сондықтан жүргізушілерге балама бағыттарды пайдалануды ұсынамыз. Жаяу жүргіншілер де сапарларын алдын ала жоспарлап алуы тиіс.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден бағытын жоспарлау кезінде осы мәліметті ескерулерін сұраймыз.
Дереккөз: gov.kz



