Қоғам

Астана қаласының құрметті педагогы: байқаудың жеңімпаз ұстаздары жарияланды

«Астана қаласының құрметті педагогы» атағына лайықты мамандар анықталды. Қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлауынша, комиссия байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарды белгіледі.

Атақты иеленген ұстаздар тізімі:

  • 1. Бөлебаева Алима Қанатқыызы — Астана қаласы әкімдігінің «№73 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
  • 2. Жарасбаева Дариға Асқарқызы — Астана қаласы әкімдігінің «Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, көркем еңбек пәнінің мұғалімі;
  • 3. Оспанова Гүлмира Нұрғазықызы — Астана қаласы әкімдігінің «№93 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, химия пәнінің мұғалімі;
  • 4. Нүкебаева Бақытхан Сейтханқызы — Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы №85 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
  • 5. Асқарбекова Балымкүл Дайрашқызы — Астана қаласы әкімдігінің «Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицей» ШЖҚ МКК, математика пәнінің мұғалімі.

Жалпы, атақ бес мұғалімге берілді. Мәліметтің негізгі көзі — қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button