Қоғам
Астанада A-334 көшесінде көлік қозғалысы 29 қыркүйекке дейін уақытша жабылды
Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, Астанада A-334 көшесінде салмақ өлшейтін датчиктерге арналған бетон жабындысын төсеу жұмыстары 29 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Осы кезеңде аталмыш учаске бойынша көлік қозғалысы толықтай жабылды.
Көлік құралдарының қозғалысы екі бағытта да айналма жол арқылы уақытша ұйымдастырылды. Жүргізушілерден алдын ала маршруттарын жоспарлап, қозғалыс шартындағы ықтимал өзгерістерді ескерулері сұралады.
Жаяу жүргіншілерге де маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында учаскеде тиісті жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.
Дереккөз: gov.kz



