Саясат

Ресей Елшісімен кездесу: Тілеуберді мен Бородавкин ынтымақтастықты талқылады

Астана, 2026 жылғы 17 қыркүйек — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдап, екіжақты қатынастардың жай-күйі мен алдағы жоспарларды талқылады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан–Ресей ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен дамуының перспективаларын, жоғары деңгейде келісілген шаралардың іске асуын және болашақ өзара сапарлар мен бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.

Сонымен бірге олар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар, көпжақты форматтағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button