Қоғам

Гуманоидты роботтарды дамыту — Астанада стратегиялық меморандумға қол қойылды

Астанада alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығында QAZBOT ROBOTICS FORUM 2026 өтті. Форумның басты нәтижесі — Astana Innovations, QAZBOT Technologies және AgiBot арасындағы гуманоидты роботтарды дамытуға арналған стратегиялық меморандумға қол қойылуы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Меморандум: гуманоидты роботтарды дамытуға бағытталған ынтымақтастық

Қол қойылған құжат робототехника мен жасанды интеллект шешімдерін әзірлеу, бейімдеу, сынақтан өткізу, пилоттық енгізу және әрі қарай масштабтау бойынша ынтымақтастықтың негізгі механизмдерін айқындайды. Меморандум AgiBot-тың халықаралық тәжірибесін, QAZBOT-тың технологиялық мүмкіндіктерін және Астананың инфрақұрылым ресурстарын біріктіруге үлес қосады.

«Жаңа технологияларды таныстырудан гөрі оларды нақты міндеттерді шешуге бағыттау маңызды. Біз перспективалы шешімдерді сынақтан өткізіп, практикалық қолдануға жеткізуді және осылайша отандық құзыреттерді қалыптастыруды жоспарлап отырмыз», — деді «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Ғизат Әмірғали.

Форум мен қатысушылар: гуманоидты роботтарды тәжірибе алаңы

Іс-шараны QAZBOT Technologies ұйымдастырып, негізгі халықаралық қатысушы ретінде AgiBot қатысты. Форумға технологиялық индустрия, бизнес және сарапшылар қауымдастығының өкілдері жиналды.

Бағдарламада Қазақстандағы Robotics & AI саласының даму перспективалары, робототехникалық жүйелерді жергіліктендіру, R&D бағыты, бағдарламалық қамтамасыз ету мен AI-модельдерді дамыту, сондай-ақ технологияларды нақты өндірістік және сервис процестерге енгізудің практикалық тетіктері талқыланды. AgiBot операциялық директоры Цзян Цинсун робототехника саласындағы халықаралық тәжірибе мен негізгі үрдістер туралы баяндады. Негізгі пленарлық сессия «AI & Robotics: болашақ экономикасын қалыптастыру» тақырыбында өтті және форум шеңберінде B2B-кездесулер ұйымдастырылды.

Қолдану салалары: гуманоидты роботтарды енгізудің бағыттары

Тараптар робототехникалық және AI-шешімдерді енгізудің басым бағыттарын анықтады. Ынтымақтастық келесі салаларды қамтиды:

  • қалалық инфрақұрылым;
  • өнеркәсіп;
  • логистика;
  • медицина;
  • білім беру;
  • сервис қызметтері.

Сонымен қатар жоба R&D бағыттарын дамытуға, инженерлік тәжірибе мен сараптамамен алмасуға, білікті мамандар даярлауға және технологияларды жергіліктендіру мүмкіндіктерін зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Бұл әріптестік Астанаға технологияларды нақты жағдайда сынап көруге, жергілікті инженерлік базаны нығайтуға және Қазақстандағы Robotics & AI индустриясын дамытуға қажетті құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

AgiBot — гуманоидты роботтар мен Embodied AI технологиялары бойынша шешімдер әзірлейтін халықаралық компания. QAZBOT Technologies — робототехника мен AI-шешімдерді дамытуға және оларды Қазақстанда жергіліктендіруге бағытталған қазақстандық технологиялық компания.

Басқа жаңалықтар

Back to top button