Қоғам

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 15–16 тамыз — өнімдері мен маршруттары

Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 15–16 тамыз күні өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шара Keryen Joly сауда орталығы аумағында сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.

Жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген фермерлер мен өндірушілер көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн, сүт өнімдері, нан-тоқаш, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да тағамдарды ұсынады. Қала тұрғындары мен қонақтары оларды тиімді бағамен сатып ала алады.

Келушілердің ыңғайы үшін жәрмеңке өтетін орынға бірнеше қоғамдық көлік қатынайды. Нақты маршруттар:

  • №7
  • №11
  • №39
  • №41
  • №45
  • №53
  • №59
  • №81
  • №307
  • №317

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button