Қоғам

Құрылтай сайлауына дейінгі кері санақ: Астанада сайлауға 20 күн қалды

Құрылтай сайлауына дейінгі кері санақ елордада іске қосылды. Қазақстанда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді, оған 20 күн қалды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кері санаққа арналған арнайы тақталар елорданың бірқатар көрнекті нысандарына орнатылды. Олар алып шолу дөңгелегіне және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына қойылды. Сонымен бірге Сығанақ пен Түркістан көшелерінің қиылысындағы 3D LED-экранда да көрсетіле бастады.

Экрандарда дауыс беруге дейін қалған күндер көрсетіледі. Олар елорда тұрғындары мен қала қонақтарына алдағы маңызды оқиға туралы ескертіп отырады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button