Қоғам

Құрылтай депутаттарының сайлауы: елорда тұрғындары өз учаскесін онлайн біле алады

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы 23 тамыз күні өтеді. Елорда тұрғындары өздеріне тиесілі сайлау учаскесін онлайн түрде анықтай алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Сайлау учаскесін нақты уақыт режимінде білу үшін келесі тәсілдер қолжетімді:

  • Ресми веб‑сервис: https://sailau.astana.kz/
  • Telegram чат‑боты: https://t.me/sailau_astana_bot
  • iKomek бірыңғай байланыс орталығы — 109 нөмірі

Азаматты белгілі бір сайлау учаскесіне сайлаушылар тізіміне енгізудің негізі — оның сол учаскенің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелуі болып табылады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button