Көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан чемпионаты өтеді

1–9 мамыр | Талдықорған қаласының Орталық атшабары
1–9 мамыр аралығында Жетісу облысының Талдықорған қаласында көкпардан ересектер арасындағы XXV Қазақстан чемпионаты өтеді. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 20-ға жуық команда ұлттық спорттағы ең беделді жарыстардың бірінде чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.
Биылғы ел біріншілігінің маңызы ерекше. Себебі бұл дода Қырғыз Республикасында өтетін VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасын жасақтаудағы негізгі іріктеу кезеңі саналады.
Тоғыз күнге созылатын жарыс барысында тек командалардың ғана емес, әрбір шабандоздың шеберлігі мен көкпар аттарының дайындығы да сынға түседі. Чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құрама сапына енетін үздік спортшылар мен тұлпарлар анықталады.
Көрермендерді тартысқа толы кездесулер, жоғары деңгейдегі шеберлік пен ұлттық рухқа толы ерекше атмосфера күтеді. Жетісу жерінде елдің үздік көкпаршылары бас қосып, XXV Қазақстан чемпионатының жеңімпазы анықталмақ.
Бас демеуші – «Самұрық-Қазына» қоры.
Бас серіктес – Спортты қолдау қоры.



