Қоғам

BaiQymyz-2026: Астанада 56 тонна қымыз және халықаралық ат спорты шоуы

Астананың «Қазанат» ипподромында таңғы сағат 09:00-ден бастап BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі жұмысын жүргізуде. Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, іс-шараға Қазақстанның барлық өңірінен өндірушілер, шетелдік қонақтар, халық шеберлері, спортшылар мен өнерпаздар қатысып, мыңдаған келуші бас қосқан.

Биылғы фестивальдің айрықша белгісі — 56 тонна қымыздың бірмезгілде ұсынылуы. Бұл көрсеткіш Қазақстанның рекордтар кітабына (КИнЭС) жаңа жетістік ретінде енгізілуі жоспарланған. «Үздік қымыз өндіруші» атағы үшін еліміздің өңірлерінен және Ресей Федерациясынан келген 59 өндіруші бәсекеге түсуде. Фестиваль аумағында екі күн бойы этноауылдар, қолөнер көрмелері, жәрмеңкелер, гастрономиялық алаңдар, шеберлік сабақтары мен интерактивті бағдарламалар ұйымдастырылуда.

Бағдарламаның маңызды бөлігі — ASIA KOKPAR LEAGUE және ER QANATY ұйымдарымен бірлесіп өткізілетін халықаралық ат спорты шоуы. Онда жылқы шеруі, көкпар, шөген, аударыспақ жарыстары мен ат үстіндегі квиддич көрермендерді тосуда. Балалы отбасылар үшін BaiQymyz Qulynshaq этноалаңы арнайы жұмыс істеп, кішкентай қонақтар ұлттық ойындармен танысып, садақ атуға, панна-футболға және балалар родеосы BaiQymyz Qoshaqanға қатыса алады. Фестивальдің екінші күні жас шабандоздар арасында конкур жарысы өтеді. Кешкі гала-концерттерде Sadraddin, Қазыбек Құрайыш, Ғазизхан Шекербек, «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі, Жұбаныш Жексен, Қайрат Байекенов пен Format тобы, Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина және басқа танымал өнерпаздар өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button