Қоғам

BaiQymyz-2026: АҚШ-тан келген қонақтар қымызға ғашық болды

11-12 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» ипподромында BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі жалғасуда. Елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлағандай, іс-шара түрлі елден келген меймандарды бір алаңға жинап, қазақ ұлттық тағамдары мен мәдениетін насихаттайтын үлкен мерекеге айналды.

Шетелдік қонақтар этноауылдарды, қолөнер көрмелері мен гастрономиялық аймақтарды аралап, ұлттық спорт түрлері мен ат спорты жарыстарын тамашалады. Қымыз пен басқа да дәстүрлі тағамдар мейманларға ерекше әсер қалдырды. АҚШ-тан арнайы келген Уайт пен Томас өз әсерімен бөлісті: «Қазақстанда тұрып, адамдарға көмектесу бізге ұнайды — бұл керемет тәжірибе. Күн сайын қазақ мәдениеті туралы жаңа дүниелер біліп жатырмыз. Ең бастысы — қымызды жақсы көріп қалдық, оның мүмкіндігінше көп түрінен дәм татқымыз келеді».

Фестиваль бағдарламасына ұлттық тағамдардан дәм тату, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты шоулары, отбасылық алаңдар, сондай-ақ танымал әншілердің концерттері енгізілген. Шетелдік меймандардың пікірінше, BaiQymyz-2026 Қазақстанды дәстүрі, музыкасы, спорты және қонақжайлығы арқылы мүлдем жаңа қырынан танытты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button