Қоғам

BaiQymyz-2026: «Қазанат» ипподромында құқықтық акция жалғасуда

Астананың «Қазанат» ипподромында өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі барысында «Заң мен тәртіп» атты ақпараттық-профилактикалық акция өткізілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Екі күн бойына фестиваль аумағында құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен еріктілер бірлескен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қонақтарға қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау, сондай-ақ интернет-алаяқтық пен өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу жолдары туралы ақпарат берілді. Қатысушыларға арнайы ақпараттық материалдар таратылып, туындаған сұрақтарға жауап беріліп отырды.

Акцияның басты мақсаты — елорда тұрғындары мен фестиваль қонақтары үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыру. Іс-шара сонымен қатар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенімді нығайтуға бағытталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button