Қоғам

Астанада ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсы басталады

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы жанындағы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ересектерге арналған қазақ тілі курсын өткізетінін мәлімдеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Курс 3 тамыздан басталып, 4 ай бойы жалғасады. Сабақтар аптасына 3 рет офлайн және онлайн форматта өтеді. Оқуды аяқтаған қатысушыларға сертификат берілетін болады. Курс толығымен тегін ұйымдастырылады.

Тіркелуге өтінімдер 1-31 шілде аралығында қабылданады. Ол үшін Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинетке тікелей жүгінуге болады. Қосымша ақпарат алу мақсатында мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 24-90-52 (жұмыс) және +7 (707) 497-71-43 (ұялы).

Басқа жаңалықтар

Back to top button