Қоғам
Астанада Қордай көшесі 17 шілдеден 30 қыркүйекке дейін жабылады

Астана қаласында Қордай көшесінің Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Обаған көшесі арасындағы бөлігінде инженерлік желілерді орнату жұмыстары басталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аталған учаскеде көлік қозғалысы 2025 жылғы 17 шілде мен 30 қыркүйек аралығында толықтай тоқтатылатын болады.
Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге маршруттарын алдын ала өзгертіп, баламалы жолдарды қарастыруды ұсынады.



