Қоғам

Astana.kz бірыңғай цифрлық платформасын елордада 10 мыңнан астам тұрғын пайдаланады

Astana.kz бірыңғай цифрлық платформасын бүгінде елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны, соның ішінде кәсіпкерлер мен инвесторлар пайдаланады. Платформа арқылы қала қызметтеріне электрондық түрде өтініш беріп, қажетті құжаттарды тіркеп, олардың қаралуын жеке кабинетте бақылауға болады.

Astana.kz платформасы — коммуналдық және тұрғын үй қызметтері

Astana.kz біртіндеп қалалық қызметтер, коммуналдық сервистер мен урбанистикаға қатысты құралдарды бір жерге жинауда. Платформаның мақсаты — қызмет алуды жеңілдету және тұрғындарға бірнеше ұйымға барып, бірдей құжаттарды қайтадан тапсыру қажеттігін азайту.

Платформада коммуналдық сала бойынша 100-ден астам қызмет қолжетімді. Олардың ішінде:

  • электр, жылу, су және кәріз жүйелері бойынша қызметтер;
  • инженерлік желілерге қосылу, шарттар жасасу және қайта ресімдеу;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың басқа да бағыттары.

Astana.kz арқылы бизнес үшін рәсімдер мен жарнама келісілері

Кәсіпкерлерге арналған қызметтер арасында маңдайшалар мен сыртқы жарнама нысандарының эскиздерін келісу қарастырылған. Құжаттарды электрондық форматта тапсыру рәсімін жеңілдетіп, өтінімдерді қарау үдерісінің ашықтығын арттырады және бизнеске кететін уақытты қысқартады.

Сонымен қатар платформада Astana Invest сервистері жұмыс істейді: инвестициялық бастамаларды сүйемелдеу және арнайы экономикалық аймаққа қатысуға өтінім беру мүмкіндігі бар.

Astana.kz әкімдік, ведомство және ақпараттық арналарды біріктіреді

Astana.kz «бір терезе» қағидаты бойынша дамып, әкімдік құрылымдық бөлімшелері, коммуналдық кәсіпорындар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар кезең-кезеңімен қосылып жатыр. Қолжетімді қызметтер тізімі мен пайдаланушыларға арналған цифрлық құралдар үздіксіз жетілдірілуде.

Алдағы уақытта платформа негізгі қалалық сервистерді, ақпараттық ресурстарды және қала тұрғындары мен бизнес өкілдерімен байланыс орнатуға арналған цифрлық арналарды бір жерге шоғырландыруды жоспарлап отыр. Платформа операторын — «Астана Innovations» АҚ. Қолжетімді қызметтер туралы толық ақпаратты Astana.kz сайтынан алуға болады.

Дереккөз: gov.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button