Басты жаңалықтарҚоғам
Trending

Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығында жөндеу жүргізіледі

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің көлік айрығында жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осыған байланысты 2026 жылғы 23-24 маусым аралығында келесі учаскелерде автокөлік қозғалысы толықтай жабылатын болады:
* Мәңгілік Ел даңғылынан Сығанақ көшесіне, Түркістан көшесі бағытына қарай оңға бұрылатын съезд;
* Түркістан көшесі жағынан Достық көшесі бағытына қарай оңға бұрылатын съезд.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button