Басты жаңалықтарЭкономика

Шетелден тапсырыс берушілер үшін жаңа кеден ережесі шегерілуі мүмкін

Мемлекеттік кірістер комитеті Әдістеме департаменті Кеден әдістемесі басқармасының бас сарапшысы Мархабат Омарова ведомствоның онлайн баспасөз мәслихатында шетелден онлайн сатып алатын тауарлардың кеден төлемдері қалай өзгеретінін түсіндірді. Комитет сарапшысы жаңа кеден талабы Еуразиялық экономикалық одақтың шешімдерінен туындап отырғанын еске салды.

— Біз жаңа талаптар 1 шілдеден бастап күшіне енетінін айтқанбыз. Қазақстандықтардың көбі екі аптадан кейін жаңа реттеу тәсілі іске қосылады деп ойлап жүрген шығар. Бұл талап бойынша жұмыс Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде 2020 жылдан бері жүргізіліп жатыр. Еуразиялық үкіметаралық кеңес 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін одаққа мүше елдердің бәрінің кеден жүйесі жаңа талапқа сай болсын деген тапсырма түсірген. Бірақ 1 шілде ақтық күн болмауы мүмкін. Шегерілетін де шығар. Нақты күнді кейінірек хабарлаймыз, — деді мемкіріс өкілі.

Айта кету керек, әлеуметтік желіде онлайн сауда тәлімгерлері 1 шілдеден бастап маркетплейстер арқылы онлайн тапсырыс беру қиындайтынын айтып, дабыл қағып жүр.

Source
inform.kz

Басқа жаңалықтар

Back to top button