Басты жаңалықтарҚоғам
Астанада А. Бараев көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Астанада 16-24 маусымы аралығында А. Бараев көшесінің Республика даңғылынан Ш. Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.



